Accessibility links

Ауғанстанда күйіп қалған қазақстандық кәсіпкердің тағы біреуі қайтыс болған


Алматы қаласының № 4 ауруханасында жатқан Ауғанстанда күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің соңғысы инфарктан қайтыс болды, — деп хабарлады № 4 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семенов.

«Біз оны ауруханадан шығарып жібергенбіз, жаралары жазылып қалған, бірақ күйіктің салдары жүрегіне әсер етіп, инфаркт пайда болған», — дейді Семенов.

22 маусым күні Ауғанстандағы Хайратон қаласының маңында орналасқан мұнай қоймасы аумағында жарылған көліктердің кесірінен зардап шегіп, күйікке шалынған алты қазақстандықтың Ауғанстанда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының азаматтары екенін, олардың Алматыдағы № 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Кәсіпкерлердің екеуі аталған ауруханада көз жұмып, үшеуі жазылып шыққан болатын.
XS
SM
MD
LG