Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушы мен тілшінің өліміне қатысты екі адам ұсталды


Ресейлік ақпарат көздері жазып жатқандай, тергеушілер қаңтар айында өлтірілген журналист пен құқық қорғаушының өліміне қатысты екі адамның қамауға алынғанын айтқан.

Сот өкілінің хабарлауынша, Мәскеудің аудандық соты қолға түскен күдіктілерді қамауда ұстау керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді.

Адам құқын қорғаушы Станислав Маркелов пен оппозициялық Новая газета басылымында тілшілік тәжірибеден өтуші журналист Анастасия Бабурованы қаңтардың 19-да Мәскеу орталығында белгісіз біреулер атып кеткен.

Бұл тапа-тал түсте атылған екі бірдей адамның қазасы осыған дейін Ресейде орын алған журналистер мен құқық қорғаушылардың тапсырыспен өлтірілуінен кейін болды.
XS
SM
MD
LG