Accessibility links

АҚШ-та жұмыссыздық өсе түскен соң мұнай бағасы құлады


Әлемдік мұнай бағасы АҚШ үкіметінің елдегі жұмыссыздық 26 жылда бірінші рет жоғары деңгейге жетті деген хабарынан кейін тағы түсіп кетті.

Шикі мұнай бағасы жұма күні бір барреліне 77,43 доллар болды.

Мұның алдында Құрама Штаттардың еңбек департаменті жұмыс берушілер 190 мың жұмыс орнын қысқартқан соң, АҚШ-тағы жұмыссыздық көрсеткіші қазан айында 10 пайызға көтерілді деген.

Сарапшылар жұмыссыздық деңгейінің өсуі АҚШ экономикалық дамуына салдарын тигізеді дейді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG