Accessibility links

Обама мен Хатояма Жапония-АҚШ альянсын талқылады


Токиода сапармен жүрген АҚШ президенті Барак Обама Жапония премьер-министрі Юкио Хатоямамен кездесіп, тараптар өз елдерінің 50 жылдық стратегиялық одақтастығын қайта қарауға келісті.

Келіссөздерден кейін өткізген баспасөз мәслихатында Хатояма альянс уақыт өзгерісіне икемделуі керек деді. Обаманың айтуынша, АҚШ-Жапония альянсы Азиядағы бейбітшіліктің негізі болды.

Жапония үкімет басшысы өзінің бұл тұрғыда көбірек тәуелсіз дипломатиялық бағытты ұстанғысы келетінін айтты.

Жапония АҚШ президенті Барак Обаманың Азияға 9 күндік сапарының алғашқысы болып отыр.
XS
SM
MD
LG