Accessibility links

Косовода сайлау бейбіт өткенімен, дауыстар 50 пайызға жетпеді




Косовоның Сербиядан тәуелсіздік жариялағаннан бергі алғашқы сайлауы бейбіт жағдайда өтті. Бірақ дауыс беру құқы бар сайлаушылардың жартысы ғана дуыс беруге қатысқан. Жексенбі күні қалалық кеңестер мен 36 өзін-өзі басқаратын әкімшіліктерде сайлау өткен еді. Сайлау комиссиясы 1,5 млн халықтың 45,36 пайызы ғана дауыс беруге келді деп отыр. Сайлау кезінде бұрмалаушылықтар болған-болмағаны туралы айтылмады. Хабарларға қарағанда, Косовоның серб азшылықтары тұратын аймақта сайлауға қатысу төмен болған. Кейбір хабарларда біраз серб қауымдастықтары дауыс беруге бойкот жариялаған. Сайлауға негізінен этникалық албандар қатысқан.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG