Accessibility links

ЕО пен Ресей энергетикалық алдын ала ескерту жүйесіне келісті


Еуропа Одағы мен Ресей соңғы жылдары орын алған газ дағдарысын болдырмау үшін ертерек ескертетін энергетикалық жүйені орнатуға келісті.

Бұл жүйе бақылау ісінде тараптарға бұзылған жағдайды қалай ескертіп, екі жақ оған байланысты қалай әрекет ету керектігін, күтпеген жерден тоқтап қалу мүмкіндіктерін азайтуға бағытталған.

Бұл келісімге Мәскеуде Еуропа Одағының энергетикалық комиссионері Эндрис Пибалгс пен Ресейдің энергетика министрі Сергей Шматько қол қойды.

Қаңтар айында Ресей мен Украина арасындағы газ бағасына байланысты даудан Еуропа Одағының бірқатар елінде газ тапшылығы туған.

Бүгінгі келісім 2007 жылы жасалған ынтымақтастық жүйесін мықтайтын болады.
XS
SM
MD
LG