Accessibility links

Бағдад маңындағы ауылдан 13 адамның мәйіті табылды


Ирақтың қауіпсіздік ресмилері мен жергілікті тұрғындарының хабарлауынша, бүгін Бағдадтың батысындағы елді-мекеннен 13 кісінің мәйіті табылды.

Армия өкілі генерал-майор Қассим Аттаның айтуынша, ол тайпалық қақтығыс құрбандарының сүйегі болуы мүмкін.

Нақтыланбаған мәліметтерге қарағанда, оларды Ирақ армиясының формасын кигендер басынан атып өлтірген. АҚШ әскерилері бұл жерде жеті жергілікті ұлт өкілі өлтірілгенін хабарлап, басқа мәліметтер бермеген.

Жергілікті полиция бұл оқиғаны зерттеп, ауылдық аймақта комменданттық сағат енгізілгенін айтты.
XS
SM
MD
LG