Accessibility links

Қазақстан Ауғанстанға астық экспорттамақ


Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жексенбі күні Ауғанстаннан оралып, Қазақстан Ауғанстанға астық экспорттайтын болады деп мәлімдеді. Қазақстан сондай-ақ ауған дәрігерлері мен полиция қызметкерлерін және шекарашылар мен мектеп оқытушылары сияқты мамандарды жаттықтыруға көмектеспек деді Саудабаев.

Ол Кабулда Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Саудабаевтың айтуынша, алдағы бес жылда Қазақстан ауған мамандарын жаттықтыруға шамамен 50 миллион доллар бөлмек.

Сонымен қатар Саудабаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың парсы тіліне аударылған "Қазақстан жолы" кітабының тұсаукесеріне қатысты.
XS
SM
MD
LG