Accessibility links

Роман Полански Цюрих түрмесінен басқа жерге ауыстырылды


Биылғы жылы қыркүйек айында АҚШ-тың сұрауы бойынша Швейцарияда қамауға алынған белгілі кинорежиссер Роман Полански бейсенбі күні Цюрихтағы түрмеден өзге орынға ауыстырылған. Алайда билік орындары «қауіпсіздік мақсатында» оның қай жерге ауыстырылғанын айтпай отыр.

Бүгін режиссер кепілге төрт жарым миллион доллар төлеп, абақтыдан шығуы тиіс еді. Ол Швейцарияда үйқамақта болады деп хабарланған болатын.

76 жастағы Роман Полански осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасаған деп айыптаған АҚШ билігі оны елге қайтарып алып, жазаға тартқысы келеді.
XS
SM
MD
LG