Accessibility links

Италия соты: АҚШ студенті адам өлтірді


Италияда американдық студент пен оның италияндық жігіті британиялық азаматты өлтірді деген айып бойынша айыпты деп танылды. Перугиядағы алқабилер соты Аманда Ноксқа 26 жылдық түрме жазасын шығарды. Ал оның жігіті Рафаэль Соллесито 25 жыл бас бостандығынан айырылды. Олар 2007 жылы ағылшын студенті Мередит Керчерді өлтірді деп айыпталды.

Бұл оқиға бойынша 11 айға жалғасқан сот ісі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының назарына іліккен болатын.
XS
SM
MD
LG