Accessibility links

Пермдегі түнгі клубта қаза болғандар саны 113-ке жетті


Бүгін Ресейде Пермь қаласындағы түнгі клубта болған өртте қаза тапқандарды аза тұту күні.

Бұл өртте құрбан болғандар саны 113-ке жетіп отыр. Дүйсенбі күні күйікке шалынып, ауруханада жатқан тағы бір әйелдің көз жұмғаны хабарланды.

Өртенген ғимаратта қалып, жараланған 100-ден аса адам ауыр жағдайда емханада жатыр. Олардың көбісі Мәскеу, Петербург және Челябинск қаласындағы ауруханаларға ауыстырылды.

Сенбіге қараған түнде түнгі клуб ғимаратында шыққан алапат өртке алдыңғы болжамдар бойынша отшашу себеп болғандығы айтылуда. Соған байланысты бұл ғимараттың иелері мен құрылтайшылары және отшашу орнатқан кәсіпкер қамауға алынған.

Ресей билігі түнгі клубтар сияқты ғимараттарды тексеріп, пиротехникалық заттарға бақылауды күшейтуге шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG