Accessibility links

Теһрандағы шерулерде 3 оппозиция өкілі қаза тапты


Иран астанасында оппозиция жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болып, полицияның атқан оғынан үш шеруші қаза тапты деп оппозициялық вебсайттар оқиға орнында болғандардың ақпаратына сүйеніп жазып жатыр.

Бұл мәліметтерді тәуелсіз түрде растайтын ақпарат құралдары жоқ, Иран билігі шетелдік ақпарат құралдарының шерулер туралы хабар таратуына тыйым салған.

Теһранда екінші күн оппозицияны қолдаушылардың үкіметке қарсы шерулері өтіп жатыр.

Иран оппозициясы шииттердің Ашура мерекесін пайдаланып, үкіметке қарсы наразылықтарын тағы көрсетіп отыр. Иран полициясы сенбі күні діни мерекеден басқа жиындар өткізгендер қатаң жазаланады деп ескерткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG