Accessibility links

Ауған парламенті үкіметтің алғашқы мүшесін бекітті


Бүгін Ауғанстан парламенті президент Хамид Карзай ұсынған үкімет құрамының алғашқы мүшесіне дауыс беріп, қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардактың кандидатурасын мақұлдады.

Депутаттар үкімет құрамына ұсынылған әрбір кандидатты жеке-жеке талқылап, бекітетін болады.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай жаңа кабинетті желтоқсаны айының соңында жасақтап, парламенттің қарауына ұсынған болатын.

Батыс елдері Ауғанстан президенті мен жаңа үкімет мүшелерін сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жүргізуге шақырып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG