Accessibility links

Ирақтағы бомба жарылысынан 7 адам қаза тапты


Ирақтың Анбар провинциясында орын алған бірнеше бомба шабуылынан жеті адамның өмірі қиылды. Бұл жарылыстар елдің батысындағы Хит қаласындағы полицияны нысанаға алғанға ұқсайды.

Шабуылдаушылар төрт бірдей полиция қызметкерінің үйлеріне бомба орнатып жарған. Қаланың террорға қарсы күрес департаментінің басшысы мен бірқатар полиция офицерлері қаза тапқандар қатарында болып отыр. Құрбан болғандардың ішінде әйелдер мен балалар да бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG