Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға болуына орай фольклорлық концерт береді


ЕҚЫҰ-ның төрағалығына кіріскен Қазақстан қаңтардың 13-і күні Венада фольклорлық концерт өткізеді. Оған Қазақстанның мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жетекшілік етіп, ресми Астананың ұйымға төрағалығын атап өтпекші.

Қаңтардың 14-і күні Саудабаев ЕҚЫҰ-ның үлкен шешімдер қабылайтын басты мекемесі Тұрақты кеңес алдында Қазақстанның 2010 жылғы төрағалығы кезінде атқарылатын басым бағыттарға тоқталады.

Бұл жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоға жазылған жолдауы беріледі деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG