Accessibility links

Google Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін


Интернет-сервисінің ірі провайдері Google компаниясы Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін жариялады. Компания өзінің мұндай қадамын Қытайдағы адам құқығын қорғаушылардың электрондық поштасын бұзу әрекетімен байланыстырады.

Google ақпараты бойынша, ҚХР-ның хакерлері компанияның іздеу жүйесіне шабуыл жасаған. Олар адам құқығын қорғаушылардың өзара хат алмасулары сақталған электрондық поштаны бұзуға талпынды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG