Accessibility links

Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендер 3 миллионнан асуы мүмкін


Халықаралық Қызыл крест және жарты ай қоғамы Гаитидегі жер сілкініснің зардаптары 3 миллионнан астам адамды қамтуы ықтимал деп бағалады.

Қызыл крест пен БҰҰ-ның көмек қызметтері зілзала зардаптарын анықтап, қатты қираған аймақтарға көмек шараларын ұйымдастырып жатқанын айтқан. Әсіресе бір миллионнан астам тұрғыны бар астана - Порт-о- Пренс қаласы жаппай қираған дейді Қызыл крестің баспасөз өкілі.


БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар мен әлем елдері Гаитиге көмек шараларын ұйымдастырып жатыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Америка азаматтық және әскери көмекті толық мойнына алды деп айтқан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG