Accessibility links

Ауғанстан Гаитиге қайырымдылық көмегін жолдайды


Ауғанстан Гаитидегі жерсілкінісінен жапа шеккендерге қаржылай көмек жолдап отыр. Президент Карзай кеңсесі таратқан мәлімдемеде, Гаитиге Ауғанстаннан 200 мың доллар көмек беріледі деген.

Бұл Ауғанстанның табиғат апатынан зардап шеккен елге көрсетіп отырған бірінші қолдауы емес, осыған дейін Ауғанстан Пәкістан аймағындағы Кашмирде болған зілзаладан соң, бұл аймаққа азық-түлік пен медициналық көмек берген.

Жаппай жоқшылық тауқыметін тартып отырған Ауғанстан Оңтүстік Азиядағы ең кедей елдердің бірі.
XS
SM
MD
LG