Accessibility links

Қазақстанның есірткімен күрес комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды


Есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиев шетелде ұсталды деп хабарлады ІІМ-нің ресми өкілі. Сәрсенбі күні Астанада брифинг өткізген Қуанышбек Жұманов бұрынғы шенеунікке қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді.

Оның айтуынша, іздеуде жүрген Исағалиев 9 қаңтарда Түркияның Анталья қаласында ұсталған және «қазіргі таңда оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр».

Интерполдың қазақстандық бюросы Исағалиевке өткен жылы қарашада халықаралық іздеу жариялаған болатын
XS
SM
MD
LG