Accessibility links

Грузия бүгін ТМД парламентаралық қауымдастығымен қоштасады


Грузия жұма күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығының парламентаралық қауымдастығынан шығады. Грузиндік парламент аппараты өкілінің «Интерфаксқа» хабарлауынша, қауымдастықтан шығу процедуралық мәселелерді шешумен байланысты болды.

Грузия делегациясы ТМД парламентаралық қауымдастығының жұмысына 2008 жылдың тамызынан бері қатысқан жоқ.

Бұған дейін Грузия президенті Михаил Саакашвили Тбилисидің ТМД-дан шығуы 2008 жылдың тамызындағы ресей-грузин әскери жанжалына байланысты деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG