Accessibility links

АҚШ президенті 2011 жылдың бюджет жобасын таныстырады


АҚШ президенті Барак Обама 2011 жылдың бюджет жобасын Конгресске ұсынады.

Хабарларға қарағанда, құжат биылғы қаржы жылының 1,6 триллион доллар көлеміндегі бюджет тапшылығы есептеле отырып дайындалған. 2009 жылы дефицит 1,4 триллион доллар болды. АҚШ-та биыл қаржы жылы 30 қыркүйекте аяқталады.

Өткен аптада Обама бюджет шығынын қысқартуға шақырған республикашылдардың сынына жауап берді. Президенттің айтуынша, әлеуметтік бағдарламалар мен қорғаныс саласынан басқа мекемелердің шығынын қысқартуды ұсынады.
XS
SM
MD
LG