Accessibility links

Түркменстан президенті Францияға сапар жасауда


Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов Францияға үшкүндік сапарын бастап отыр. Түркмен басшысы Франция президенті Николя Саркозимен және сыртқы істер министрі Бернард Кушнермен келіссөз өткізеді деп күтілуде.

Қытай, Ресей және Еуропа Одағы Түркменстанның бай табиғи газ қорларына қызығушылық танытып отыр. Бердімұхаммедов Түркменстанды шетел инвестициясына ашуға уәде етті.

Адам құқығын қорғаушы халықаралық топтар Франция президентін Бердімұхаммедовпен кездесуі барысында адам құқықтары мәселесін көтеруге шақырды.
XS
SM
MD
LG