Ресей мен АҚШ ресмилері бүгін Женевада ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге қатысты келіссөздерін қайта бастады. Өткен аптада президент Медведев жаңа келісімнің 95 пайызы әзірленді деп хабарлады. Бұл келісім желтоқсанның 5-де мерзімі аяқталған Стратегиялық қаруларды азайту келісімінің орнын басады.