Accessibility links

Ауғанстанда тәлібтерге қарсы шабуыл жүріп жатыр


НАТО және ауған үкіметінің әскери күштері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында үшінші күн қатарынан тәлібтерге қарсы шабуыл ұйымдастырды.

Провинция билігінің хабарлауынша, өткен түнде тәлібтердің бекінісі орналасқан Марджа қаласындағы атыс кезінде 12 бүлікші өлтірілді. Халықаралық күштердің басшылығы жексенбі күні қаладағы тұрғын үйлердің біріне қателесіп зымыран атқаны үшін кешірім сұрады. Бұл соққыдан 12 бейбіт тұрғын қаза болды.

Бұған дейін Ауғанстан президенті Хамид Карзай шабуылдан бейбіт тұрғындар зардап шекпесін деп үндеген болатын.
XS
SM
MD
LG