Accessibility links

Украинадағы сайлау қорытындысы уақытша тоқтатылды


Украина соты осы айдағы президент сайлауының қорытындысын уақытша тоқтату туралы шешім шығарғанын хабарлады. Бұған сайлауда жеңілген үміткер Юлия Тимошенконың тапсырған арызы себеп болып отыр. Сәрсенбі күні елдің Жоғарғы әкімшілік соты Орталық сайлау комиссиясының Виктор Януковичті 7 ақпандағы сайлаудың жеңімпазы деп жариялауын тоқтата тұру туралы шешім шығарғанын мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Янукович 3.5 пайыздық айырмашылықпен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Тимошенко сайлау қорытындысын мойндамай, сотқа шағымданды. Премьер-министр Тимошенко дауыс берулер бұрмаланды деп айыптап отыр.

Әкімшілік соты Тимошенконың арызы бойынша шешімін келесі бейсенбі күні яғни ақпанның 25-де жариялатынын хабарлады. Бұл күнді парламент жаңа президенттің инаугурациясы деп белгілеген болатын.
XS
SM
MD
LG