Accessibility links

Украина соты Тимошенконың арызын қайтарып алуымен келісті


Украинаның Жоғары әкімшілік соты премьер-иминистр Юлия Тимошенконың президенттік сайлаудың қорытындысына шағымданып берген арызын қайтарып алуына байланысты тыңдауларды тоқтатуға келісетіндіктерін айтты.

Судья Олександр Нечитайлоның айтуынша, президенттіктен үміткер Тимошенконың шағымы қаралмастан, сот процесі аяқталды деді.

Сенбі күні Тимошенко өзінің дауыс берулердің бұрмаланғанына қатысты шағымының әділ қаралатынына күдік келтіріп, соттан арызын қайтарып алған.
XS
SM
MD
LG