Accessibility links

Нигерде әскери хунта сайлау өткізуге уәде берді


Нигерде билікті басып алған әскери топ елде жалпыхалықтық сайлау ұйымдастыруға уәде берді. Бұл туралы француздық RFI радиосы Нигердің жаңа басшылығына жақын дерек көзіне сілтеме жасап хабарлап.

Өткен бейсенбіде әскери топ президент сарайын күшпен басып алып, 71 жасар Мамаду Танджаны биліктен тайдырды. Хунта өкілдерінің айтуынша, президентті өзінің сарайында әскер күзетіп отыр.

Нигерде билік пен оппозицияның текетіресі өткен жылы президент Мамаду Танджа үшінші президенттік мерзімге жол беретін заң қабылдағаннан кейін өрши түскен болатын.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG