Accessibility links

АҚШ Грузияны Ауғанстандағы операцияға қосып жатқан үлесі үшін мадақтады


АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Грузияны Ауғанстанға мыңға жуық сарбазын жіберіп отырғаны үшін мадақтады. АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан елдері бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук аймақтық сапарының аяғында Грузияда болды. Ол Тбилисидің шетіндегі әскери базада журналистерге берген сұхбатында Вашингтон Грузияның Ауғанстандағы әскери операцияларға үлес қосуына байланысты алғысын білдіреді деп атап көрсетті.

Қазір Ауғанстанда Грузияның 170 сарбазы бар. Таяуда Хелманд өлкесіне қосымша 800-ге жуық грузин жауынгері орналастырылады.
XS
SM
MD
LG