Accessibility links

Кабулда бір отбасының бес адамын өлтіріп кеткен


Ауғанстан астанасы Кабулда белгісіз біреу бес кісіні өлтіріп, екеуін жарақаттап кеткен. Қаза тапқандар мен жараланғандар бір отбасының адамдары.

Полицияның хабарлауынша, сенбі күні кешкісін қарулы бір адам елдің шығысындағы бір жеке үйге кіріп, оқ ата бастаған. Шабуылдаушы қашып үлгерген, оның не үшін шабуыл жасағаны белгісіз.

Жұма күні де Кабулда қарулы талибандар екі қонақ үйге шабуылдап, ішінде 11-і шетелдік 17 адамды өлтірген болатын.
XS
SM
MD
LG