Accessibility links

Тәжікстан оппозициясы сайлаудағы заңсыздықтар туралы баяндады


Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жексенбі күні өткізілген парламент сайлауына дауыс берушілердің 85 пайызы қатысты. Комиссия қызметкерлері сайлау бірқалыпты өтті деп отыр.

Оппозициялық Ислам өрлеуі партиясы сайлау барысындағы заң бұзушылықтар туралы мәлімдеді. Партияның басшысы Мухиддин Кабиридің айтуынша, бір адамның бірнеше мәрте дауыс берген жағдайлары кездескен.

Сайлауды ЕҚЫҰ-ның 200-ге жуық өкілдері де бақылады. Батыс сарапшылары Тәжікстанда бұған дейінгі өткізілген сайлаулардың ешқайсысын еркін әрі әділ деп таныған жоқ.

Тәжікстандағы парламент сайлауының алдын ала нәтижелері дүйсенбі күні таңертең белгілі болады.
XS
SM
MD
LG