Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы бүгін Мәскеуге келеді


БҰҰ-ның бас хатшысы Пин Ги Мун бүгін Ресей астанасына келеді.

Сапар барысында ол Ресей басшылығымен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ жұма күні Таяу Шығыс мәселесін реттеу жөніндегі халықаралық төрттіктік кездесуіне қатысады.

«Төрттік» Израиль мен Палестинаның бейбіт келіссөздерін жалғастыру мүмкіндігін, сондай-ақ Израилдің Шығыс Иерусалимде жаңа аудан тұрғызатындығы туралы жақында жариялаған шешімін талқылайды.

Сейсенбі күні Нью-Йоркте журналистермен өткізген брифингте Пан Ги Мун басып алынған жерде құрылыс жүргізу заңсыз деп мәлімдеді. БҰҰ-ның бас хатшысы сонымен бірге Израилді Газа секторындағы блокаданы алып тастауға шақырды.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG