Accessibility links

Интерпол Саддам Хусейннің қызына іздеу жариялады


Интерпол Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің үлкен қызы 41 жастағы Рагад Хусейнді тұтқындауға рұқсат берді. Ол «адам өміріне, денсаулығына, бостандығы мен абыройына қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ лаңкестік әрекеті үшін» айыпталып отыр. Ирактың қазіргі үкіметі Рагад Хусейн ханымды біраз жыл бойы қудалап келеді. Ол анасымен бірге Иорданияда тұрады.

Рагад Хусейн Ирактан 2003 жылы, елге коалиция әскері кірген кезде кетіп қалған еді.

Оның әкесі Саддам Хусейн болса "адамзатқа қарсы қылмысы үшін" айыпты деп танылып, 2009 жылы 30-желтоқсанда дарға тартылған болатын.
XS
SM
MD
LG