Accessibility links

Бішкектегі ереуілдегілер милициямен қақтығысты


Қырғызстан астанасы Бішкекте наразылық шарасына шыққан жүздеген адамға қарсы милиция көзден жас ағызатын газ бен жарық-шу шығаратын гранаталар пайдаланды.

Қырғызстандағы оппозициялық партиялардың бірінің ғимаратының алдына жиналғандар ел президенті Құрманбек Бакиевтың отставкаға кетуін талап етуде.

Мыңдаған оппозиция жақтаушылары Сокулук ауданындағы Бішкек – Ош тас жолын жауып тастады деп хабарлайды «Азаттық» тілшісі. Жиналғандар биліктен оппозициялық саясаткер Темір Сариевті босатуды және аудан әкімінің өздерінің алдына шығуын талап етіп отыр.

Халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы Қырғыз үкіметін толқуларды басуда күш қолданбауға шақырды. Бішкектегі АҚШ елшілігі ол елде болып жатқан оқиғаларға өз алаңдаушылығын білдіріп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG