Accessibility links

АҚШ Манас әуе базасындағы рейстерді уақытша тоқтатты


Құрама Штаттар ресмилері Қырғызстанның Манас әуе базасында Ауғанстанға әскерлерді таситын ұшақ рейстерін бұл елдегі тұрақсыздыққа байланысты тоқтата тұру жөнінде шешімге келген.

АҚШ әскерилері Манас әуебазасының орнына алдағы бірнеше күнде Ауғанстанға жасақтарды тасу Кувейттегі АҚШ базасы арқылы жүзеге асырылатын болады деді. АҚШ-тың Орталық қолбасшылығының өкілі майор Джон Редфилдтің айтуынша, Манас әуебазасы әскерлерді емес жүк таситын рейстер үшін пайдаланылады.

Хабарларға қарағанда, Қырғызстанда сәрсенбі күні орын алған қанды қақтығыстан бері Манас әуебазасындағы АҚШ күштеріне сыртқы шығуға тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG