Accessibility links

Иран: Ауғанстан мен Ирақтағы НАТО әрекеттері тергелуі тиіс


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-муннан НАТО-ның Ауғанстан мен Иранда болуына байланысты тергеу ісін ашуды сұрады. Ахмадинежадтың айтуынша, тұтқындалған бүлікшілердің басшысы Абдулмалик Риги НАТО мүшелерінің оның Жундулла тобын қолдайтындығы жөнінде мойындаған. Бұл туралы Ахмадинежад БҰҰ басшысына жолдаған хатында мәлімдеген.

Иранның оңтүстік-шығысындағы сунниттердің құқықтары үшін күресетін Жундулла тобы ондаған адамның өмірін қиған бомбалық шабуылдарға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алған болатын. Қазан айында орын алған әлгі шабуылдардан құрбан болғандардың арасында Иранның Төңкерісшіл сақшыларының 5 мүшесі болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG