Accessibility links

Солтүстік Кипрдегі сайлауда Дервиш Ероғлы жеңді


Танылмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президент сайлауында қазіргі премьер-министр Дервиш Ероғлы жеңіске жетті.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Дервиш Ероғлы - 50%-да аса дауыс жинаған, ал оның негізгі қарсыласы- елдің қазіргі президенті Мехмет Әли Талатқа сайлаушылардың 43% -ға жуығы дауыс берген.

Дауыс берудің нәтижесі Кипрдің түрік солтүстігі мен грекиялық оңтүстігінің қосылуы жөніндегі келіссөзге айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін, дейді сарапшылар.

1974 жылы Кипрді Грекияға қосу мақсатында гректер ұйымдастырған төңкерістен кейін түрік әскері аралдың солтүстік бөлігін басып алған болатын, сол кезден бері Кипр аралында екі бөлек мемлекет өмір сүріп келеді.
XS
SM
MD
LG