Accessibility links

Пәкістан Нью-Йоркте ұсталған күдіктіге қатысты тергеу ісін бастады


Исламабад Нью-Йорте көлікті жарып жібермекші болды деп күдіктелген азаматтың Пәкістандағы бүлікшілермен байланысына қатысты тергеу ісін жүргізетінін мәлімдеді. Файсал Шахзад есімді күдікті азамат АҚШ тергеушілеріне Вазиристанда өзінің жаттығудан өткенін айтқан болатын. Пәкістанның бұл тайпалы аймағында "Әл-Қаида" мен "Талибан" бүлікшілері жасырынады делінеді.

Пәкістан ішкі істер министрі Рехман Маликтің мәлімдеуінше, АҚШ тергеу жөнінде Исламабадқа ресми өтініш тапсырған. Тек пәкістандық тергеушілер ғана Шахзадтың туыстары мен жолдастарынан жауап алатын болады деп атап көрсетті Малик.
XS
SM
MD
LG