Accessibility links

Палестиналықтар Израилмен тікелей емес келіссөз өткізуге келісті


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняхудің мәлімдеуінше, палестиналықтармен тікелей келіссөздерсіз бейбітшілік орнату мүмкін емес. Үкіметте сөйлеген сөзінде Нетаняху АҚШ арағайындық жасап отырған тікелей емес келіссөздерден тезірек бетпе-бет кездесуге көшуге шақырды.

Сенбі күні Палестинаның азат ету ұйымы Израилмен тікелей емес келіссөз өткізуді мақұлдаған болатын. АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша өкілі Джордж Митчелл жексенбі күні Палестина жетекшілерімен кездесті.
XS
SM
MD
LG