Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Парламенттің екі палатасын да таратып жіберетін, бірін тіпті қысқартатын уақыт жетті. Ал, мына заң деп отырғаны ертеңгі күні НӘН-ді қылмыстан да, ажалдан да алып қалатын сиқырлы дуа емес қой. Бекітсін, мейлі, түк өзгермейді. Саддамның күні Иракқа АҚШ әскері келген күні не болып еді? Сапармұрат Түркіменбашының алтын ескерткіші бүгін қайда қалды? Осыларды ойла да тыныштал!

Алтайшы, Астанадан

(«Мәжілістің 99 депутаты халықтың атынан сөйлеп, Назарбаевқа "ұлт көшбасшысы" атағын алып берді» атты материалға орай жазылған)

ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақ ұлтының жойылған күні – бұл күн.

Жебе (қайдан екені көрсетілмеген)

(«Мәжілістің 99 депутаты халықтың атынан сөйлеп, Назарбаевқа "ұлт көшбасшысы" атағын алып берді» атты материалға орай жазылған)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Маған мына бір ойдың келіп отырғаны, оны сіздермен бөліспесем ұятты да.... Анау депутаттар "ұлт көшбасшысы" деген статус беріп, Алаңды және оның жанұяларын еш жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды деп отырған жоқ па??.... Дұрыс.... Ал енді менің ойым мұны түртпектеп отырған сол Алаңның айналасындағы топтардың бірі.... Заң қабылданып болған соң, оны лып еткізіп баяғы Түркменбашыдай "нетіп" жібереді.... Жоқ адамға сот та жоқ....Ал басқа жанұялары зу ете қалады басқа жаққа, түсінікті ғой.... Сонан соң "амнистия" берілген дүниелерге әлгі топтың жетекшісі и К ие болып қалмай ма???....

Міне мәселе қайда жатыр???.... Ал бұл байғұс жүр танауы шелектей болып....

Арыс, Шымкенттен

(«Мәжіліс Назарбаевқа ұлт көсемі мәртебесін және басқа да жеңілдіктерді беруге келісті» атты дөңгелек үстелге қатысты жазылған)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG