Accessibility links

Англияның жаңа үкіметі бірінші мәжілісін өткізеді


Англияның жаңа премьер-министрі Дэвид Кэмерон бейсенбі күні коалициялық үкіметтің бірінші мәжілісін өткізеді.

Сәрсенбі күні Кэмерон мәлімдегендей, өзі бастаған консерваторлар мен әріптестері либерал-демократтар жалпы ішкі өнім көлемінің 11 пайызына тең бұрын-соңды болмаған бюджет тапшылығын азайтуды – жаңа кабинеттің кезек күттірмейтін міндеті деп есептейді.

Кэмерон мен либерал-демократтардың көсемі Ник Клегг бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында коалицияға кіргендердің арасында бірқатар мәселе бойынша қайшылықтарболса да, тұрақты үкімет құруға уәде берді.

Лейбористердің көсемі Гордон Браунның кабинеті парламент сайлауында жеңілген соң биліктен кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG