Accessibility links

Ағылшын үкіметінің бірінші мәжілісі өтті


Англияның жаңа премьер-министрі Дэвид Кэмерон бейсенбі күні коалициялық үкіметтің бірінші мәжілісін өткізді.

Премьер-министр Дэвид Кэмерон мен вице-премьер әрі либерал-демократтардың көсемі Ник Клегг жалпы ішкі өнім көлемінің 11 пайызына жеткен және бұрынғы соңды болмаған бюджет тапшылығын жаңа кабинеттің басты саяси міндеттерінің бірі деп жариялады.

Жаңа үкімет консерваторлардың 18, либерал-демократтардың 5 министрінен құрылды.

Консерваторлар мен Либерал-демократиялық партиялар өткен аптадағы парламент сайлауының нәтижесі бойынша коалициялық үкімет құрды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG