Accessibility links

Халықаралық қауымдастық қырғыз халқын тынышталуға шақырды


Халықаралық қауымдастық Қырғызстанды елде тыныштық орнатуға шақырды. Соңғы күндері елдің оңтүстігінде уақытша биліктің қолдаушылары мен биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары арасындағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, кемінде 60 адам жарақал алған болатын.

Уақытша билік орындары Жалалабад пен Оштағы және Баткендегі үкімет ғимараттарын өз бақылауына алған соң, БҰҰ, Еуропа Одағы, АҚШ және Ресей қырғыз халқын тыныштыққа шақырды.
XS
SM
MD
LG