Accessibility links

Армения Таулы Қарабахтағы сайлауды мадақтады


Армения Таулы Қарабахтағы парламенттік сайлауларды демократияның күшейіп жатқанын көрсетті деп мадақтады. Бұл туралы Азаттық радиосының армян қызметі хабарлады.

Дүйсенбі күні Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиян Таулы Қарабахтағы халықтың өз тағдырын шешу жөніндегі құқықтарын мойындау өте маңызды деп мәлімдеді. Жексенбі күні бұл даулы аймақта парламенттік сайлаулар өткен болатын. Әзірбайжан Таулы Қарабахтағы дауыс берулерді айыптады.

Таулы Қарабах анклавын 1990 жылдардың басында Арменияның қолдауымен этникалық армян сепаратистері Әзірбайжаннан тартып алған болатын. Сол кездегі соғыста 30 мыңға жуық адам қаза тапты. Осыдан он жыл бұрын Армения мен Әзірбайжан атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды. Бірақ Таулы Қарабах әлі даулы территория деп есептеледі. Аймақтың тәуелсіздігін ешбір мемлекет мойындамаған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG