Accessibility links

Бішкекте қаза тапқандардың туыстары митингі өткізді


Қырғызстан астанасы Бішкекте сәуір айының басындағы халық толқуы кезінде қаза тапқандар мен жапа шеккендердің туыстары митингі өткізді.

Парламент алдында жиналған жұрт уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отынбаева шығып, бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен оның отбасы мүшелерін Қырғызстанға ұстап беру мәселесінің қалай шешіліп жатқанын баяндап беруді талап етті.

Оппозицияны қолдаушылар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысы салдарынан сәуір айының басында Қырғызстанда 86 адам қаза тапқан болатын.

Қазір Қ.Бакиев Беларусте жергілікті биліктің қорғауын паналап отыр.
XS
SM
MD
LG