Accessibility links

Түркияға флотилия белсенділері мінген үш ұшақ қонды


Түркияға Израильде тұтқында болған флотилия белсенділері қайтып оралды. Олар Газаға гуманитарлық көмек жеткізбек болып, Израиль тарапынан шабуылға тап болған еді.

Түгелдей дерлік Түркия азаматы болып келетін 450-ден аса адамды түріктер Стамбул әуежайында қошеметпен қарсы алды.

Шабуыл барысында қаза болған тоғыз адамның мәйіті де Стамбулға жеткізілді.
XS
SM
MD
LG