Accessibility links

Иран: ядролық отынды айырбастау келісімі - ерекше мүмкіндік


Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, Түркия және Бразилияның арағайындығымен жасалған ядролық отынды айырбастау келісімі қайталанбайтын мүмкіндік болған. Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қосымша санкция енгізуді мақұлдаса, Теһран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өткізбейді деді Ахмадинежад. Бұл туралы ол Стамбулдағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесі уран байытуын тоқтатпай отырған Иранға жаңа санкция енгізу жөніндегі қарарға осы аптада дауыс береді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасауы мүмкін деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG