Accessibility links

Ауғанстан: қастандық құрбандарының саны 40-қа жетті


Ауғанстанда сәрсенбі күні кешке болған жарылыстан қаза болғандардың саны 40-қа жетті. Жергілікті полиция сөзіне сүйеніп, Би-Би-Си-дің хабарлауынша, 75 адамі жараланды. Қастандық Қандағар өлкесіндегі Арганбад ауданында болды. Үйлену тойы өтіп жатқанда жанкешті содыр жарылғышты іске қосқан.

Жуырда Кабулда ресми биліктің Талибан қозғалысының сабырлы өкілдерімен бейбіт келіссөз жүргізу жоспарын мақұлдаған ұлттық ассамблея басқосуы болып өтті. Алайда Ауғанстанда қастандық шабуылдардың толқыны басылар емес.

Тәліптер кеше НАТО күштерінің тікұшағын атқылағанын өз жауапкершілігіне алды. Соның салдарынан АҚШ-тың 4 жауынгері қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG