Accessibility links

Қазақстан мен Қытай бірнеше келісімге қол қойды


Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қытай бірқатар келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық пен "Қазақстан-Қытай" газ құбырының екінші учаскесін жобалау, қаржыландыру, құрылысын салу және пайдалануға берудің негізгі қағидалары туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім-шартқа қол қойылды.
XS
SM
MD
LG