Accessibility links

"Ростехнология" 50 "Боинг" сатып алуды жоспарлап отыр


Ресейлік "Ростехнология" мемлекеттік корпорациясы құны 4 миллиард болатын "Боинг-737" маркілі 50 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.

Осыған сәйкес келісімге қол қойылғанын бейсенбі күні АҚШ және Ресей президенттері - Барак Обама мен Дмитрий Медведев Вашингтондағы бірлескен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Обама бұл келісім АҚШ-та қосымша 44 мың адамды жұмыспен қамтитындығын атап өтті.
XS
SM
MD
LG