Accessibility links

Пәкістандағы террорлық шабуылдан 17 адам қаза тапты


Пәкістан қауіпсіздік күштері өкілдерінің хабарлауынша, жанпидашыл шабуылдан 17 адам қаза тауып, жүзге жуық кісі жараланды. Жарылыс Ауғанстанмен шекаралас Мохманд аймағындағы Якка-Ганд ауылының әкімшілік ғимаратында тіркелді.

Мохманд - елдегі ең қолайсыз аудандардың бірі. Пәкістан қауіпсіздік күштері осы аймақты «Әл-Қаида» және «Талибан» ұйымдары бүлікшілерінен тазалай алмай отыр.
XS
SM
MD
LG